Basty bet

Үстеме жұмыс

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1 бабының 80-тармақшасына сәйкес Үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 71 бабына сәйкес жұмыс уақытының режимі – жұмыскерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы немесе өндірістердің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
Сонымен қатар, өнер және мәдени демалыс кәсіптік ұйымдарының шығармашылық жұмыскерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыскерлері, спортшылар, жаттықтырушылар үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық немесе еңбек шарттарына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 77 бабына сәйкес үстеме жұмысқа яғни, елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде және басқада осы баптың 2 тармағында көрсетілген жағдайларда жұмыскердің келісімінсіз үстеме жұмысқа тартылуы мүмкін.
Үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
Үстеме жұмыстарға жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер, он сегіз жасқа толмағандар, мүгедектер жіберілмейді.
Үстеме жұмыстардың шекті саны Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан және жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.
Үстеме жұмысқа ақы төлеу Қазақстан Респбуликасының еңбек кодексінің 108 бабына сәйкес Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. Еңбекке кесімді ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа қосымша ақы төлеу жұмыскердің белгіленген күндік (сағаттық) мөлшерлемесінің елу пайызынан төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.Тараптардың келісімі бойынша үстеме жұмысқа үстеме жұмыстың бір сағаты үшін тынығуға кемінде бір сағат беру есебімен тынығу сағаттарын ұсынуға жол беріледі.
Қорыта келгенде, үстеме жұмыс атқару кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген талаптарға сәйкес, өзіңіздің үстеме атқарған жұмысыңыз үшін тынығу сағаттарын немесе атқарған жұмысыңыз үшін еңбегіңіздің ақысын алуға құқылысыздар.
Еңбек заңдылықтарының талаптары бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтаррды қабылдап консульттатциялық көмек көрсетуге әзір. Біздің мекен жайымыз Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы.
Байланыс телефондары 43-01-96, 45-15-31.

Нұрбол Досмаханов,
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының құқықтық және қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы-заңгер, мемлекеттік
еңбек инспекторы

Таңдаулы материалдар

Close