Basty bet

Аудан активінің жиналысы

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен аудан активінің жиналысы өтті. Онда облыс әкімі Асқар Исабекұлы аудан активіне ауданның жаңа әкімі Нарбай Ергебековты таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Нарбай Әбілқасымұлы артылған сенімді ақтауға барын салатынын, өңірдің даму жолында аянбай тер төгетінін жеткізді.
Асқар Исабекұлы өңір экономикасын көтеруде, әлеуметтік мәселелерді шешуде аудан басшыларына артылар міндеттің мол екенін баса айтып, жаңа әкімге нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге бұған дейін ауданды басқарып келген Бақтияр Көпбосыновтың облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалғанын жеткізді.
Сөз кезегін ауданның бұрынғы әкімі Б.Көпбосынов алып, ауданда басшылық еткен жылдары қызметтес болған азаматтарға алғысын білдіріп, ауданның әрі қарай да дамуына тілектестігін білдірді.
Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Е.Аманбеков ауданда екі жыл сегіз ай басшылық еткен Б.Бейсембайұлының ауданның экономикалық – әлеуметтік дамуына қосқан үлесі жайлы айта келіп, алдағы еңбек жолына да табыс тіледі. Сонымен бірге жаңадан сайланған аудан әкімі Нарбай Әбілқасымұлының табысты абыройлы болуына тілектестігін білдірді.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close