Basty bet

Діннің қоғам өміріндегі рөлі ерекше

Дін – ерте замандардан бері-ақ адамзат баласымен бірге жасасып келеді. Түрлі ерекшеліктерге байланысты адамдар арасында түрлі наным-сенім формаларының туындауы және олардың әр жерде әртүрлі деңгейде пісіп-жетіле отырып, дін ретінде қалыптасуы да өмір заңдылығы немесе рухани қажеттілігі еді. Адамзат тарихында бастан кешкен түрлі формациялар мен кезеңдерде діннің де формалары өзгеріп, халыққа қызмет етудегі рөлін жоғалтпай сақтап отырды.
Адамзат баласы – ақыл-парасаттың, ғұлама ойдың және өзге де игіліктердің иесі. Ал, осы игіліктерге ие етіп тұрған – Жаратушы күштің барын адам ешқашан есінен шығарған емес. Осылайша, діннің қоғам өмірімен байланыстылығы өзгермей тұрмайтын құбылыс болғанымен, адам санасына әсер ететін, наным-сенім қалыптастыратын ерекше күш екендігі мойындалды. Діннің қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Діни сенім болмаса қоғам болып қалыптасу да мүмкін емес.
Боралдай ауылдық округінде жалпы үш елді мекен бар. Атап айтқанда, ауылдық округтің орталығы Көлтоған ауылында тұрғындар саны – 1 267, Ертай ауылында – 722, Рысбек батыр ауылында – 470 тұрғын тіркелген. Аталған ауылдарда үш мешіт бар. Олар – Көлтоған ауылында «Тұрыс баба», Ертайда «Құлбайымбет» және Рысбек батыр ауылында «Үрзада апа» мешіттері. Мешіттерге толығымен бейнебақылау камералары орнатылған.
Жалпы округ аумағында саяси ахуал тұрақты, жат ағымның жетегіндегі азаматтар жоқ. Округкке қарасты барлық тұрғындар саны – 2 459 адам болса, оның ішінде қазақтар – 2 453 азамат, орыстар – 4, шешен ұлтының өкілі – 2 адамды құрайды.

Бауыржан АБДАЛИЕВ,
Боралдай ауылдық округінің әкімі

Таңдаулы материалдар

Close