Basty bet
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ – БАСТЫ МАҚСАТ
От: досың әрі жауың. Оттың адам өмірінде алатын орны өте ерекше. Егер, отты дұрыс пайдалана алмасақ, біз үшін орын толмас зор қайғы-қасірет әкелері хақ. Сондықтан да әрқайыссымыз отты пайдаланғанда аса сақ болуымыз керек. Тұрмыста отты үнемділікпен, жауапкершілікпен мұқият ережелерді сақтай отырып пайдалану керек.
Балалардың отпен ойнауы өрт шығуының кең таралған себептерінің бірі болып табылады. Жалғыз қалған балалар көбіне сіріңкемен ойнап, оның арты қайғылы жағдайға әкеледі. «Өрт -тілсіз жау» деп бекер айтылмаған.
Өрттің шығу себебі көп, бірақ негізінен оған тұрғындардың от қолданудағы абайсыздығы, салғырттық пен немқұрайдылығы себеп болуда. Күн жылынып аудан тұрғындары аулаларын, бақшаларын тазалап жиналған қоқыстарды өртеу кезінде әртүрлі келеңсіз жағдайлар туындап жатады.
Мысалы, атап айтатын болсақ, ағымдағы жылдың 21 сәуірі күні Қайрат ауылы, М.Әлімбекұлы көшесі №18 үйдің жанындағы сайда, қамыс пен ағаш бұтақтарының жануы орын алды, жанудың шығу себебі тұрғындардың қоқыс жағуынан болған.
Осындай жайттарды ескере отырып өрт сөндіру қызметі Ескертеді!
Тұрғын үйдің ауласында қоқыстар мен қалдықтарды жинап жағу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 336 бабына сәйкес қоқыс жағып соңы өртке ұласқан жағдайда, қоқыс жаққан жеке тұлғаға 20 айлық есептік көрсеткіш (20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 410 бабына сәйкес жеке тұлғаға 5 – 10 айлық есептік көрсеткіш (5-10 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады.
Сондықтан, осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Құрметті аудан тұрғындары!
«101» және «112» жүйесіне тек көмек сұрау үшін хабарласыңыз, балардың ойнауына жол бермеуді ескертеміз.
Н.Апсатаров,
Жуалы аудандық №7
ӨСБ-нің қарауыл
бастығы азаматтық
қорғау капитаны
А.Кадыров,
ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин
АҚА 4 курс курсанты