Basty bet
Менің алғашқы капиталым: қаржылық жоспарлау дағдылары
Әрбір жасөспірімнің жеке қаражатын жинап жүретін мақсаты, арманы болады. Ал оған жету үшін мақсатты сауатты қоя білу керек. Қойылған мақсат жасөспірімнің осы өмір кезеңіндегі шынайы қажеттілігіне сай келе ме? Ол оқу процесіне кедергі жасамай ма? Оның іске асуы қаншалықты мүмкін? Мақсатты тұжырымдау үшін ата-анамен немесе кеңесшілермен, оқытушылармен кеңескен артықтық етпейді.
Алтын кілт
Велосипед тебуді үйрену оңай ма? Біреудің «оның үйренетін несі бар? Отыр да теп!» деуі екіталай. Жараланған тізе ауыруын және күйінішті жеңу, мұның бәрін Марат жылдам әрі оңай бастан өткерді. Сөйтіп қайта екі дөңгелекті «асау тұлпарды» «жуасытуға» кірісті. Мұның бәрі қарап отырсаңыз еңбек, мұндай кедергілерден өтпей мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес. Сонда бізді осы қиындықтардан өтуге қандай күш мәжбүрлейді? Табандылық, ыстық құштарлық пен бәрі жақсы болатынына сенім! Әрине, алғашқы қадамдар құлау мен жығылусыз болмайды, бірақ тез арада сүйікті велосипедпен басқа балаларды басып озғанда өзіңнің алғашқы талпыныстарың мен қорқыныштарыңды еске түсіру күлкілі.
Егер осы қызықты процесті формула қалпына келтірсек, мақсатқа жету процесі былайша бейнеленеді: «құштарлық+табандылық = табыс». Мұнда жаңа және таңғажайып ештеңе жоқ, алайда бұл формула тек екі негізі болғанда ғана жұмыс істейтініне назар аудару қажет. Бұл – құштарлық пен табандылық. Олардың мағынасын түсіну үшін толығырақ қарастырайық.
Егер құштарлық пен табысқа іштей дайындық, бап болмаса, «менің қолымнан түк те келмейді» деген ойлар жаныңызды жеп, біздің барлық күшіміз еш нәтижеге әкелмейді. Велосипедпен мысалды алайықшы. Егер өз күшіңізге, күшіңізге ғана емес, өзіңізге сенім болмаған жағдайда, велосипед тебуді үйрену сәтсіз аяқталады. Қаржының адамға келуі де сол секілді.
Нәтиже өзіңізді қалай баптауыңызға тікелей байланысты. Өмірге оң көзқарас пен өзіңізге деген сенімнің болуы маңызды. Біз өзіміз табысты болашағымыздың іргетасын дәл қазір қалай аламыз, бұл үшін жай ғана жоспарлау мен қиялдау жеткіліксіз. Иә, қиялдау қажет.
Америка Құрама Штаттарында бірнеше жыл бойы жүргізілген психологиялық зерттеулер көрсеткендей, армандап жүріп біз ментальды деңгейде бапталамыз, егер қаласаңыз, тіпті өз болашағыңызды бағдарламалай аласыз. Көптеген психологтар біздің шынайы өмірімізді өзіміз қолдан жасап, оның ақиқаттылығына сенеміз дейді.
Ол тікұшақ сатып алып, оны басқаруды үйренді. Кәсіби ұшқыштармен достасты. Кәсіпкерлермен және тікұшақпен ұшатын саясаткерлермен байланыс орнатты. Оның құрған компаниясы бағасы онша қымбат емес Robinson тікұшақтарын сата бастады, екі жылдың ішінде 30-дан астамын сатты.
Қалыптасқан нарыққа шыққанда жас компания оның өсіміне оңтайлы сәтті аулады. Алайда бизнесінің табысқа жетуіне оның балалық арманы септігін тигізді. Егер екі жыл бұрын көптеген компанияларда тікұшақ сатылымы бірлікпен саналса, оның көрсеткіші ондықтардан асады. «Ал ең бастысы, мен өмірімде бірінші рет бизнесімнен ләззат алдым», дейді Сергей Филонов.
Алдымызға мақсат қоямыз
Сонымен, мақсат дегеніміз не? Бұл біз нәтижесіне кәміл сеніп, табандылықпен ұмтылатын, біз үшін ең маңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу қажет. Себебі мақсатқа жету – бұл қажеттіліктеріңді жай ғана қанағаттандыру емес, өзіңді өзің жетілдіру, тұлғаның дамуы, жаңа деңгейге өту. Мақсатқа жету процесінің өзі сол мақсаттың өзіне, біздің күш-жігерімізге, қабілетімізге, міндеттерімізге, көңіл-күйімізге, сенімімізге байланысты ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Бұл процесті былайша елестетуге болады:
Үлкенді – кішіден, мүмкінді – мүмкін еместен ажыратамыз
Бәлкім, сізде жаһандық мақсат деген не және неге ол міндетті түрде осындай болуы қажет деген сауалдар туындаған болар. Мәселенің мәнісі мынада, дұрыс қойылған міндет өмірлік басымдықтарды тәртіпке келтіріп, белгілі вектор қояды, соған сәйкес біз дамимыз, оқимыз, ойлаймыз, әрекет етеміз.
Неліктен негізгі мақсат қымбат көлік, компьютер, тамаша телефон бола алмайды? Түптеп келгенде, біздің қолымыздағы дүниеміз табысымызды көрсетпей ме?
Бұл бір жағынан дұрыс емес. Біз материалдық әлемде өмір сүреміз. Бізге тамаша телефон, керемет компьютер алып, сәнді киім киген ұнайды. Заттарды сатып алып, оны ләззатпен пайдаланудың еш жамандығы жоқ, алайда өмірдің мақсатын заттарға тіреуге болмайды. Қандай да бір затты сатып алу аралық мақсат, сенің ғаламат жоспарыңның бір кішігірім міндеті болуы мүмкін екенін де назардан тыс қалдырмау қажет. Бірақ бұл міндет негізге айналмауы қажет. Себебі заттар өмірлік құндылыққа ие бола алмайды: сән өзгереді, киім тозады, көлік сынады, телефон жоғалады. Жаңа заттарды қуалау – тұлғаны қызықсыз, шектелген адамға айналдыруы мүмкін.
Бұған бір мысал келтірер болсақ, Тахмина сәнді және әдемі киінгенді жақсы көретін. Ол қиынға соқпайтын, себебі бай адамдардың қызы болатын, сүйікті анасы мен әкесі еш нәрседен кенде қылған жоқ. Өзінің бос уақытын ол қымбат дүкендерде өткізіп, онсыз да көп киімдерін жаңа киімдермен толықтыратын. Адамдарды тек киімі бойынша қабылдап, тұрпатына қарай сыйлайтын. Бірақ Тахмина «әдемі орамға» тәуелді болды және өз сенімділігін тек осыдан алатын.
Неліктен үлкен мақсатты көптеген кішігірім қадамдарға бөлу қажет?
Біріншіден, бұл сізге уақытыңызды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Негізгі міндеттерді сапалы әрі жылдам орындауды үйрену қажет. Алдыңызға ғаламат мақсат қойып, бар күш-жігеріңізді оны орындауға сарп ету қажет деп ойлау ағаттық болар еді.
Екіншіден, сіздің ғаламат міндетіңізге баратын жолда негізгі тармақтың бірі – мектепті табысты аяқтау, отбасы істеріне қатысу, тіпті қоғам өміріне араласу да болар, сонымен бірге өз қызығушылығыңызды, хоббиіңізді ұмытпаңыз. Мұның бәрі өміріміздің құрамдас бөлігі, үлкен мақсатқа жету тармақтары.
Қиындықтармен күрес
Мақсатқа жетудің белгілі бір кезеңінде біз кейде алынбас қамал болып көрінетін қиындықтар мен кедергілерден кездесеміз. Осы сәтте өз табысыңызға жетуден түңілу қатері туындайды. Яғни біз бұрынырақ айтқан – «менің қолымнан түк те келмейді» деген ой пайда болады. Нәтижесінде адамдар осылайша мақсатына жете алмайды. Ал еш қиындыққа мойымастан алға талпынатын және мұны жолындағы уақытша бөгеттер деп түсінетіндер, нәтижесінде табыс «шыңынан» көрінеді. Демек, біз өзімізге деген сенімімізді жоғалтсақ және өз күшімізге сенімсіздік білдірсек, мақсатымызға жете алмаймыз.
Франция королі Людовик ХVI ұлы – Луи Шарль туралы танымал оқиғаны мысалға алайық. 1793 жылы Француз революциясы кезінде әкесі қаза болған соң, сегіз жасар баланы қамауға алады. Алайда Луи Шарльдің азабы мұнымен аяқталмайды. Париж коммунасының теңдік рухында «тәрбиелеу» мақсатындағы зұлым ойы бойынша жас ханзаданы етікші жанұясына көмекші ретінде берді. Ол отбасының барлық мүшелерінің аяқкиімін тазалады, ас беру кезінде қызмет жасады, олардың аяғын жуды және әртүрлі қорлайтын жұмыстарды орындады.
Қазіргі мектеп оқушылары үшін одан гөрі жақынырақ және біздің заманымыздағы оқиғаны мысалға келтірейік.
Нұрияның арманы – сахнада кәсіби ән салу болатын. Музыка мектебін фортепиано сыныбы бойынша аяқтаған қыз өкінішке қарай, вокалдан жетістіктерге жетпеді. Ол ырғақты керемет сезінетін және есту қабілеті де тамаша еді, бірақ ұяң болатын әрі даусы жай шығатын. Сыныптастары: «Нұрия, бізге ән салып берші, торғай» деп мазақтайтын. Бірақ достары қанша күлкі етсе де, Нұрия «болашақта кім боласың?» деген сауалға сенімді түрде «әнші боламын!» деп жауап беретін. Табандылықпен үш жыл оқуының арқасында Нұрия сәнді клубтарда өнер көрсетуші рок группаның әншісі ретінде танылды. Міне, сенімділіктің маңызы.
Егер сонда да өз күшіңізге сенімділік жетпесе не істеу қажет? Оның жолдарының бірі – өзіңізге сенім артатындармен және сенімділікті күшейтетіндермен араласу. Өз күшінің арқасында табысқа жеткен адамдармен әңгімелесу де пайдалы. Олардың бастан кешкен оқиғалары күш береді және өз қабілетіңізге деген сенімділікті арттырады.
Ең бастысы, өзіңізге және өз күшіңізге сену. «Бұл шаруа сенің қолыңнан келмейді, ол өте күрделі», «мұндай мақсатқа жету үшін сенің қабілетің жеткіліксіз» деген сияқты кертартпа сөздерімен сіздің әлсіздігіңізге сендіруге тырысатындарға құлақ аспаңыз. Шынында да мұндай теріс ойларды жаныңызға жолатпауға тырысыңыз. Барлығы өз қолыңызда! Есіңізде болсын, велосипед сияқты, бастапқыда сіз тек велосипедпен жүру үшін қажетті қабілеттеріңіздің бар екеніне сенесіз, содан соң оқу процесіне өтесіз, нәтижесінде сіз міндетті түрде велосипед тебуді үйренесіз!
Дайындаған
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА,
“Aq jol” газеті