Basty bet
«Дін және қоғам» атты семинар өтті
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Дін саласында ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру» қызметін көрсету атты әлеуметтік жобасының аясында «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» атты кездесу, семинар өтті.
Жұмыс жоспарына сәйкес, шараға ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану орталығының директоры, РАТТ сарапшысы, PhD доктор Алмасбек Шағырбай қатысты.
Шара аудандық «Достық» мәдениет үйі мен «Толымбайтегі Зиябек» атындағы орталық мешітте ұйымдастырылды.
Семинарға аудан тұрғындары, мешіт жамағаты мен имамдар және жастар шақырылды.
«KOMEK.DEMEU.KZ»
қоғамдық қоры