Basty bet
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы – басты назарда
Ағымдағы жылдың үш айлық қорытындысы бойынша ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалуы негізінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 94,1%(1 571,5 млн.теңге) деңгейінде қалыптасып, облыстық өнеркәсіптік өнім көлеміндегі ауданның үлес салмағы 5,9%-ды құрап отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 100,8% деңгейінде қалыптасты (2 365,5 млн. теңге), оның ішінде мал шаруашылығында – 100,8% (2 365,5 млн. теңге).
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері 216 306 гектарды құрайды. Оның ішінде 95 449 га егістік, (жалпы суармалысы 8 707,5 га, оның ішінде суармалы егістігі 8460 га.) шабындық 2 046 га, жайылым 109 439 га, көп жылдық екпелер 265 га, басқа да жерлер 2 128 га.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 65,9%-ды немесе 642,0 миллион теңгені құрайды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция облыс әкімі және облыс әкімдігінің индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бекітілген келісіміне сәйкес үстіміздегі жылдың I тоқсанына 2,8 миллиард теңгеге жоспар бекітілген. Алайда жаңа инвестициялық жобалардың болмауына және инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша құрылыс жұмыстарының басталмауына байланысты I тоқсан қорытындысымен орындалмады.
«Көксай» каналының бойынан жоба құны 5,2 миллиард теңге және қуаттылығы 18 мВт құрайтын кіші су электр станциясының құрылысының толықтай аяқталу уақыты 2022 жыл болатын. Инвесторы «ҚазГидроОперейтинг» ЖШС-ы.
«Ақсай» каналының бойынан қуаттылығы 18 мВт құрайтын кіші су электр станциясының құрылысы, аудан әкімдігінің 13.12.2019 жылғы №655 қаулысына сәйкес су электр станцияларының құрылысын жүргізу құқығы берілген.Инвесторы «Аксайская ГЭС АянКо» ЖШС. Жалпы жоба құны – 21,0 миллион теңге. Іске қосылу уақыты 2022 жылға жоспарланған болатын. Бірақ екі инвестор тарапынан жұмыстардың тоқтап қалуына және жүргізілмеуіне байланысты 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №11-3006 санды хатымен жерді қайтару бойынша облыс әкімдігіне хат жолданды.
Құрылыс көлемі 650,0 млн. теңгені құрап, 100,0% деңгейінде қалыптасты.
Тұрғын үй құрылысына келер болсақ, 3 509 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (101,2%).
Сауда айналымының нақты көлем индексі 100,9%-ға орындалды (2 440,0 млн.теңге).
Қалима МЫҚТЫБЕКОВА,
аудан әкімдігі экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы