Basty bet

Отбасы – Отанның бастауы!

аудан тұрғындарына жаңа заңда көзделген талаптар таныстырылды

«Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-ның Жуалы аудандық әлеуметтік-психологиялық кеңес беру кабинетінің, Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қ.Мажикеновтың келісімімен және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровпен бекітілген «Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстардың алдын алудағы акцияның жоспарына» сәйкес, ағымдағы жылдың 01 сәуір-30 маусым аралығында аудандық кеңес беру кабинетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Ә.Шәмшиева, әлеуметтік-психолог Айгүл Дәрібаева және аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Диас Үсіпбаевпен бірлесе қорғау нұсқамасымен және ерекше талаптармен есепте тұрғандардың, сонымен қатар, есепте тұрған жайсыз отбасылардың мекен-жайларына барып тексеру арқылы және профилактикалық жұмыстар жүргізілді..
«Отбасылық зорлық-зомбылық пен балалар қатыгездігінің алдын алу» мақсатында Б.Момышұлы және Нұрлыкент ауылдарының, Көкбастау, Ақтөбе және Қызыларық ауылдық округтерінің тұрғындары арасында кездесулер ұйымдастырылып, өңір тұрғындарына ағымдағы жылдың 15 маусымында қабылданған жаңа заңда көзделген талаптар таныстырылды.
Кездесу барысында отбасындағы зорлық-зомбылық, отбасында және қоғамда балаларға көрсетілген зорлық-зомбылықтарға қатысты мәселелер көтеріліп, тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарымен бірге, пікір таластырып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Облыс орталығындағы дағдарыс орталығымен қатар, кеңес беру кабинетінің де атқаратын жұмысы туралы мәліметтер беріліп, визиткалар таратылды.
Қосымша айта кететін болсам, аудандық кеңес беру кабинетінің мамандары, аудандық Жастар ресурстық орталығы, СӨСҚ (ЗОРЖ) мамандарымен бірлесіп аудандағы білім беру мекемелерінде оқушылар арасында «Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас», «Жасөспірімдер арасындағы буллинг», «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу» және «Жасөспірімдердің құмар ойындарға әуестігі және зиянды заттарға тәуелділігі» тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылды. Жастарға мектеп қабырғасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу, оқушыларды жаман әдеттен сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зияны, сонымен бірге, әртүрлі жөтел, асқазан, тері аурулары осы никотин мен алькогольдің әсерінен болатыны жан-жақты түсіндірілді. Оқушы жастарға өз құқықтарын қорғай білу қағидаларымен қатар заңнамалық тұрғыда өзекті мәселелер талқыланды.
Аналар күні және 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекелеріне орай «Отбасылық зорлық-зомбылық пен балалар қатыгездігінің алдын алу» тақырыбында аналарға психологиялық және заңгерлік кеңестер беруге арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Аналарға зорлық-зомбылықтың түрлері түсіндірілді:
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы мәселеге келсек, олар күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттер жасау. Сондай-ақ, психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту де психологиялық зорлық-зомбылық болып табылады.
Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныс мүшесіне қол сұғу немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет. Сонымен бірге, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер. Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында сауда орталықтарында хабарландырулар ілініп, ауыл тұрғындары арасында визиткалар таратылды.
Егер Сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, не болмаса туысыңыздың, әріптесіңіздің, құрбыңыздың немесе көршіңіздің отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанына куә болсаңыз, қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін төмендегі нұсқаулықты пайдалана отырып «СЕНІМ» телефондарына қоңырау шалуға болады.
Байланыс телефонымыз: 8-775-892-25-78, 8-702-164-52-95, 8-(72635)2-01-65. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші және әлеуметтік психолог (анонимді, тегін және тәулік бойы қызмет көрсетеді) электрондық почта: jualy_2020kc@mail.ru
Кеңес беру кабинеті тұрғындарды аптаның дүйсенбі және жұма күндері аралығында күндізгі 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды.
Мекенжайымыз: Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі №62, кеңес беру кабинеті ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Кабинетке келіп, кеңес пен көмек алуға болады. Біз Сіздерге көмек беруге дайынбыз!

Әлия ШӘМШИЕВА,
аудандық кеңес беру кабинетінің
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы

Таңдаулы материалдар

Close