Basty bet
Құтты болсын, мерейлі 90 жасың!
Сенен таптым жас кезден пана бұрын,
Арқа сүйер досымсың “Жаңа өмірім”.
Парақтап дәмді, дәнді сөздеріңді,
Сергісін бейуақытта сана қырлы.
Толдырдың сен де, «Жәке» тоқсаныңды,
Жетерлік оқырманың көп шалымды.
Ал мен болсам жетпістің үшіндемін,
Көңіл күймен толықсып тоқсабалы.
“Жаңа өмір” ел жұртымның ішіндесің,
Елдің жайын жазасың түсінгесін.
Қолыңнан кеп тұрғанда мүмкіндігің,
Жүз жасыңды алдағың мүсіндесін.
Газет те елге ұсынар ойда барын,
Ел де ұқты газетте пайда барын.
Бұл газет бір ауылдың газеті емес,
Көзайымы болғансың ол айналамның.
“Жаңа өмір” тоқсандағы қариясың,
Алдағы ағысыңды дария алсын.
Әлде де жете бергің жүзден-жүзге,
Атыңды ел білетін жария шын.
Ілияс Ахметов,
ақын.
Жуалы ауданының құрметті азаматы