Basty bet

Қазақ әдебиетінің ақсұңқары

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ағымдағы жылы ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «Кітап қазына» жобасын ұйымдастыруда.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Теріс және Нұрлыкент ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби сағат өтті.
Кешті Теріс ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.Баққараева жүргізіп, Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын слайд арқылы таныстырып, ауылдық кітапхананың оқырманы Г.Райымбаева ақын прозаларынан үзінді оқыды. №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушылары Б.Қанатбек «Көкшетау» өлеңін, Г.Дүйшебекова «Туған жерім – өз елім» өлеңін, Н.Саматұлы «Бой жазу» өлеңін оқып, А.Иланбай, Е.Жұпарбек «Өзбек» биін биледі. №5 М.Ломоносов атындағы орта мектептің оқушылары Н.Қуандық, Е.Жайлаубай «Ақсақ киік» өлеңін, Е.Сәуірбай «Еңбекші әлем сүйікті ұлын ұмытпас» өлеңін, К.Мұхит «Тергеген болсаң айтайын» өлеңдерін оқып, Е.Тағамбай «Бауыр керек!» әнін, И.Сыдық «Қазақ елі осындай» әнін нақышына келтіріп орындады.
Нұрлыкент ауылдық кітапханасының әдіскері Қ.Қарағұл «Қазақ халқының көрнекті перзенті» атты библиографиялық көрсеткіш, «Қазақтың таң жұлдызы» атты әдістемелік құрал, «Сәкен Сейфуллин – 130 жыл» атты ақпараттық-жарнамалық флайерді таныстырды. Нұрлыкент ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Бегалиева «Сәкен – сыршыл ақын» атты кітап көрмесіне шолу жасап, ауызша журналды таныстырды. Іс- шараға қатысқан ауыл тұрғындары, кітапхана оқырмандары кітапхана қызметкерлері дайындаған «Сәкен Сейфуллин – 130 жыл» атты кітап инсталляциясын тамашалады.

Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері

Таңдаулы материалдар

Close