Basty bet

Атыңнан айналайын туған өлкем!

Оқырмандарға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық саябақта Көлбастау ауылдық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында «Атыңнан айналайын, туған өлкем!» атты ертеңгілік өткізді.
Іс-шараны кітапханашы Гүлжан Мырзақұлова мен Индира Алдиярова жүргізіп, кітапхана оқырмандары Мирас Ғали «Туған өлкем», Іңкәр Нұрғали «Жастарға сенемін!», Сезім Сапарбек «Мен қазақпын!» өлеңін мәнерлеп оқыды, Мирас Ғали «Қазақ үшін» әнін, Мұхаммедхайдар Керімхан, Айбибі Әуесбек «Кітапхана» әнін, кітапханашы Аида Тәліпбек «Атамекен» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Г.Мырзақұлова «Жуалым – құт-мекенім!» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Таңдаулы материалдар

Close