Basty bet

“Мен өзім тауда өстім, тасында өстім…”

Оқырмандарға қазақ елінің біртуар азаматы І.Жансүгіров туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу мақсатында Қарасаз ауылдық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында аудандық орталық саябақта қоғам қайраткері, ақын Ілияс Жансүгіровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мен өзім тауда өстім, тасында өстім» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында №6 А.Пушкин атындағы орта мектептің оқушылары Ақназар Мырзалы «Өзіме», Ажар Мырзалы «Күн боламыз», Інжу Серікқызы «Анам тілі» І.Жансүгіровтың өлеңдерінен үзінді оқып, №15 Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Мирас Ғали «Бір ел болса» әнін, кітапханашы Аида Тәліпбек «Атамекен» әнін орындады. Ажар Мырзалы «Тауыс» биін, Нұрай Жүзбай, Ұлдана Жүзбай, Меруерт Оразбай, Жұлдыз Жұмабек, Ажар Мырзалының орындауында «Балалар» биі тамашаланды. Кітапханашы Ақкөгершін Темірбаева «Қазақ поэзиясының құлагері» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Аида Шәкір,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close