Basty bet

«Аудандық архивте-ашық есік күні»

Өткен аптада «Жуалы ауданының мемлекеттік архиві» КММ-да жылдағы жоспарға сәйкес «Архивтік анықтамалар архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тақырыбында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Оған архив қызметкерлерімен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Жуалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ермек Абдивайтов, орталықтың маманы Жамбыл Жарылқасын және аудандық БАҚ өкілдері шақырылды.
«Ашық есік күні» іс-шарасын ашқан Жуалы ауданының мемлекеттік архивінің директоры Ажар Ақбалаева ашып, клиенттерден құжат қабылдау барысында олардың дұрыс рәсімделуіне баса назар аудару қажеттігін айтып, қызмет көрсету барысында қандай да бір түсініспеушілік туындаған жағдайда, аудандық архивтің мамандарымен бірлесіп жұмыс жасаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Шара барысында Жуалы ауданының мемлекеттік архивінің архивисі Рүстем Қайыпбеков «Архивтік анықтамалар архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тақырыбында түсіндірме жүргізіп, құжаттарды дұрыс қабылдаудың және анықтамалар берудің тәртіптері мен заңдылықтарын кеңінен баяндады.
Сондай-ақ, жиында Жуалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Ермек Абдивайтов, орталықтың маманы Жамбыл Жарылқасын тақырыпқа байланысты ой-пікірлерін ортаға салып, жұмыс барысында кездесетін кейбір мәселелерді бірлесіп шешудің маңыздылығына тоқталды.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close