Basty bet
«Қауіпсіз көлік» акциясы өтуде
Жуалы ауданында «Қауіпсіз көлік» акциясы өтуде. Акцияны өткізудің мақсаты – автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себептері бойынша өрттердің және адам өлімінің алдын алу. Аталған акция ағымдағы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалғасатын болады. Осы аралықта Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау бойынша ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады.
Акцияның мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарына, көлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын жеткізу және өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің сақталуы бойынша насихаттық жұмыстарын күшейту.
Автокөліктегі өрттің алдын алу үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
-қыста ауа температурасы төмен кезде автокөлікті қыздыру үшін ашық отты пайдалануға болмайды;
-аккумуляторды тікелей көлік құралдарында қуаттауға болмайды;
-жарықтандыру үшін ашық от көзін пайдалануға болмайды;
-көлік құралдарының жанармай бактарын ашық қалдыруға болмайды;
-тек қана қозғалтқышқа емес, автокөліктің электр бөлігіне де уақтылы техникалық қызмет көрсетуден өткізіп тұру керек;
-автокөлікті өрт сөндіргішпен қамтамасыз ету керек.
Өртті сөндіргеннен, оның алдын алу оңай екенін есте ұстаған жөн!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және
№7 Өрт сөндіру бөлімі