Basty bet

Ауыл шаруашылығы – ел байлығы!

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасына және Үкіметтің 29 желтоқсандағы 2023 жылғы №1248 қаулысына сәйкес 2025 жылы 1 тамыздан 20 қазанға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ауылшаруашылық санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
Жалпы санақ екі кезеңнен тұрады:
-1 тамыздан 31 тамызға дейін – (ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, жеке кәсіпкерлер, жеке қосалқы шаруашылықтар) sanag.gov.kz онлайн сауалнама өтеді.
-20 қыркүйектен 20 қазанға дейін ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңі, интервьюерлер планшетпен сауалнама жүргізу арқылы өткізеді – (2 этап). (жеке қосалқы шаруашылықтарды жаппай елді мекендер бойынша аралау онлайн арқылы өтпеген шаруа фермер қожалықтарымен жеке кәсіпкерлерді аралау).
Бүгінгі күнге Жуалы ауданы бойынша санаққа қатысатын барлық субьектілер – заңды тұлғалар, шаруа қожалықтар, ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер және жеке қосалқы шаруашылықтардың тізімі анықталды. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы санағына барлығы 130 заңды тұлға, 4 147 шаруа қожалық және жеке кәсіпкерлер, 10 001 жеке қосалқы шаруашылық қатысады деп күтілуде. Барлық ауылдық округ әкімшіліктерінде ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңінде респонденттердің онлайн режимде сауалнамадан өтуі үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы санағының негізгі мақсаты – еліміздегі ауыл шаруашылығының жай-күйі, оның құрылымы, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің санаттары, ресурстардың болуы мен пайдалануы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экономикалық сипаттамалары туралы толық және шынайы деректер алу. Алынған мәліметтер іріктемелі ауыл шаруашылығы зерттеулерін жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субьектілердің ауыл шаруашылығы тіркелімін өзектендіруге, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын және басқа да мүдделі тараптарды агроөнеркәсіптік кешен саласында тиімді мемлекеттік саясатты әзірлеу және оны іске асыру үшін қажетті обьективті ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған іс-шараға байланысты Жуалы ауданында тіркелген барлық шаруа (фермер) қожалықтар, ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және жеке қосалқы шаруашылықтарды алдағы болатын санаққа өз үлестеріңізді қосып sanag.gov.kz онлайн сауалнама арқылы өтуге шақырамыз!

Бақытжан Сыпатаев,
Жуалы ауданының статистика
басқармасының басшысы

Таңдаулы материалдар

Close