Basty bet

АДАМЗАТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ – АБАЙ!

Жамбыл облысы бойынша Шекара басқармасы бастығының орынбасары – тәрбиелік, идеологиялық және кадрлар жұмыстары бөлімінің бастығы Данияр Рамазанұлының ұйымдастыруымен басқарма кітапханасында қазақтың ұлы ойшыл, ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің үлкен мұрасы саналатын ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Адамзаттың шамшырағы – Абай» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесі өтті.
Шара барысында сарбаздарға ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Әлемдік әдебиеттен өзіндік орын алған данышпан ақын өз туындыларында жас буынды оқуға, өнерге, адамгершілікке үндеді. Көрмеге қойылған кітаптар сарбаздарға таныстырылып, оқуға ұсынылды.

Камила АБСЕМЕТОВА,
кітапханашы

Таңдаулы материалдар

Close