Basty bet

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Апта ішінде Б.Момышұлы ауылындағы орталық саябақта аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Мансап» орталығы мекемелерінің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, аудандағы уақытша бос жүрген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жас маман» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және дипломы бар жастарға «Жастарға кеңес», «Алғашқы жұмыс орны» және «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасының талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жәрмеңке барысында мамандар қатысушыларға қажетті жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға, Жастар тәжірибесінен өту, сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша маңызды ақпараттарды айтып, түсіндірді.
Аталған жәрмеңкеде аудан көлеміндегі барлығы 15 мекемеден тұрақты 28 жұмыс орны ұсынылды. Онымен бірге, 10 мекемеден Жастар тәжірибесі бағдарламасымен 30 орынға сұраныс түсіп, аталған бос жұмыс орындары бойынша жастармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жастар ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Close