Basty bet
Абайлаңыз, ашық терезе!
Абайлаңыз, ашық терезе!
Құрметті ата—аналар балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға арналағн қарапайым сақтық ережелерін сақтайық!
– терезеге темір торды арнайы талаптарға сай орнату қажет яғни, өрт кезінде ғимараттан шығаруға оңай ашылатындай етіп қарастыру. Тор шыбықтарының арақашықтығы бала басы симайтындай (10 см-ден аспауы тиіс) орнату.
– іштен ашылатын немесе жылжымалы торларды балалардың ашпауы үшін, арнайы бекіткіштер орнату.
– үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмау.
– жиһаздарды терезе жанынан алшақ қою.
– балконға ересектерсіз шықпауы туралы балаға түсіндіру, қадағалау.
– терезені, іштен ашылатын және жылжымалы торлардың ашу тәсілдерін балаға көрсетпеу, үйретпеу.
– балаларға сақтық шараларын ұдайы үйрету және түсіндіру.
– ешқашан ұйықтап жатқан баланы жалғыз қалдырмаңыз, себебі бала оянғанда терезеге қарай ұмтылу мүмкін.
– баланы терезе алдына мінгізбеңіз, ұдайы қолыңызда ұстап тұрыңыз.
Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ
Осторожно, открытое окно!
Уважаемые родители соблюдайте простые правила предосторожности, чтобы предотвратить случаи падения детей из окон!
– на окно необходимо установить железную решетку в соответствии со специальными требованиями, т. е. предусмотреть ее так, чтобы она легко открывалась для удаления из здания при пожаре. Установка так, чтобы расстояние между стержнями сетки не превышало 10 см.
– установка специальных креплений, чтобы дети не открывали открывающиеся изнутри или раздвижные решетки.
– никогда не оставлять окно открытым, если в доме есть дети.
– расставьте мебель подальше от окон.
– разъяснение ребенку, наблюдение за тем, чтобы он не выходил на балкон без взрослых.
– не показывать, не учить ребенка приемам открывания окон, открывающихся изнутри и раздвижных решеток.
– постоянно учить и объяснять детям меры предосторожности.
– никогда не оставляйте спящего ребенка одного, потому что, когда ребенок просыпается, он может стремиться к окну.
– не садите ребенка на подоконник, постоянно держите его в руках.
ОЧС и ПЧ №7 Жуалынского района