Basty bet
Жалпыға “бірдей білім” беру қоры 2 570 баланы қамтыды
Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға жыл сайынғы қолдау көрсету жалғасуда.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жуалы ауданының білім бөліміне қарасты 39 мектептен 2570 балаға «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан материалдық көмек алуға құжаттар жиналып, 2024 жылдың 1 тамызынан бастап ата-аналарға аударылуда.
Олардың қатарында АӘК алатын отбасылардағы мектеп оқушылары мен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар, мен төтенше жағдайға тап болған отбасылардың балалары бар. Білім беру ұйымының алқалық басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағытымен есепке алу тәртібін айқындайды.
«Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың есепшоттарына қаражат аудару арқылы көмек көрсету тетігін жетілдіру шараларын қабылдады. Бұл ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен мектепке керек-жарақ құралдарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша сапасыз тауарларды алуды болдырмайды. Қазіргі таңда әрбір білім алушыға киім, оқу-құралдарын сатып алуға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде – 47 398 теңге қаражат белгіленген».
Айта кету керек, соңғы үш жылда материалдық көмек көлемі яғни, 17 мыңнан 47398 мың теңгеге дейін 2,5 есеге өсті. Бұл мемлекеттік қолдаудың артуын көрсетеді.
Нұргүл Пірімқұлова,
аудандық білім
бөлімінің әдіскері