Basty bet

Құрылыс жұмыстарына қарқын мен сапа керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты халыққа Жолдауында құрылыс саласына мынадай міндеттер жүктелген: «Біз Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Біз шағын елді мекендерді дамытуға қатысты өте күрделі мәселені шешуіміз қажет.

Өңірлік стандарттар әзірленді. Енді оларды үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендерге енгізу қажет.
Үкіметке «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін биыл бөлінген 30 миллиард теңгеге қосымша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл қаражат көлік, ауызсу және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады».
Президент Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда да халық тұрмысын жақсарту, әр азаматтың дамуына жан-жақты жағдай жасау туралы баса айтты.
Азаматтардың өмір сапасының жақсаруы – жайлы тұрғын үймен, ауылдық жерлерде жайлы әлеуметтік нысандармен қамтылуына тікелей байланысты. Сондықтан ауданымыздың даму жоспарында аудандағы елді мекендерді кезең-кезеңімен дамыту жоспарланған. Даму жоспарындағы ауқымды жобалар бюджет мүмкіндіктеріне қарай жүзеге асырылады.
Аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сауырбаевтың айтуынша, ауданның даму жоспарына сәйкес төмендегідей жобаларды іске асыру жоспарланған.
-2023-2027 жылдарға дейін 2 153,7 млн. теңгені құрайтын 9 нысан құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 4 нысан – 568,0 млн.(Дарбаза каналы, Кәріқорған спорт мектебі, көпқабатты тұрғын үй, Мәдениет үйіне жапсарлас) пайдалануға берілді. Ал, 5 нысан 2024 жылға өтпелі (Көлбастау және Қайрат ауылындағы мәдениет үйі, Б.Момышұлы, Ертай және Көлтоған ауылдарындағы спорт кешені).
2024 жылға жаңа 4 нысанның (Қарасаз, Көлтоған ауылындағы спорт кешені, Көлбастау ауылындағы мәдениет үйі, 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 2 нысан 2025 жылға өтпелі (Қарасаз, Көлтоған ауылындағы спорт кешені).
Спорт саласы бойынша 2 нысан: «Қарасаз ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысаны бойынша мердігері «ТаразИнвестҚұрылыс» ЖШС-і. Жоба құны – 427,983 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі 2024 жылдың 10 маусымы – 2025 жылдың 10 мамыр айы. 2024 жылы– 44,493 млн теңге игерілді (ҚМЖ -10%).
«Көлтоған ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысаны бойынша мердігері «Bekstroy-2010» ЖШС-і. Жоба құны – 445,826 млн. теңге. 2023 жылы 46,582 млн теңге игерілді (ҚМЖ -10%).
Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі 2023 жылдың 15 желтоқсан – 2025 жылдың 10 мамыр айы (құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылған).
Медицина саласы бойынша 5 нысан. Олар: Ынтымақ ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт салынуда. Нысан бойынша мердігері – «Синдикат Групп» ЖШС-і. Жоба құны – 178,9 млн. теңге. 82,971 млн теңге игерілді (ҚМЖ -70%).
Келесі Шыңбұлақ ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункт нысаны бойынша мердігері «Синдикат Групп» ЖШС-і. Жоба құны – 114,817 млн. теңге. 37,723 млн теңге игерілді (ҚМЖ -65%).
Сонымен бірге Талапты, Тасбастау ауылындағы медициналық нысандар. Талапты ауылында салынып жатқан 5 келушіге арналған медициналық пункттің мердігері «Синдикат Групп» ЖШС-і. Жоба құны–174,5 млн. теңге. 78,732 млн теңге игерілді (ҚМЖ -70%). Тасбастау ауылындағы 15 келушіге арналған ФАП-тың да мердігері «Синдикат Групп» ЖШС-і. Жоба құны – 185,160 млн. теңге. 45,762 млн теңге игерілді (ҚМЖ -300%).
Қарабастау ауылындағы 15 келушіге арналған ФАП-тың да мердігері «Синдикат Групп» ЖШС-і. Жоба құны – 182,519 млн. теңге. 68,288 млн теңге игерілді (ҚМЖ -45%),- дейді Нұрсұлтан Талғатұлы.
Білім саласы бойынша екі нысанда құрылыс жұмыстары жүруде. Соның бірі Түктібай ауылындағы №12 М.Әуезов атындағы орта мектепке жапсарлас 150 орындық оқу кабинеті, спортзал, асхана құрылысы және қолданыстағы мектеп ғимаратын қайта құру (реконструкция)»нысаны бойынша мердігері «Бином» ЖШС-і жұмыс жасауда. Жоба құны – 1 368, 574 млн. теңге.
298,569 млн теңге игерілді (ҚМЖ -50%)
Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі 2024 жылдың 30 сәуір – 2025 жылдың 28 ақпан айы.
Т.Дүйсебайұлы ауылындағы “№28 Амангелді атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары нысаны” бойынша мердігері «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-і жұмыс атқаруда. Жоба құны – 397,158 млн. теңге. 249,0 млн теңге игерілді (ҚМЖ -75%). Құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімі 2024 жылдың 27 мамыр мен 27 тамызы аралығы.
Тұрғын үй салу бойынша 1 нысан: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен 909,6 млн. теңге бюджеттен қаржы бөлініп, 5 қабатты 60 пәтерлі ірі панельді 1 тұрғын үй құрылысы жоспарланған. Бүгінгі күнге құрылыс жүргізілетін орны белгіленіп, «Бином» ЖШС-і ағымдағы жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, мәдениет саласы бойынша Қайрат ауылындағы 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Мәдениет саласындағы екінші нысан “Көлбастау ауылында 149 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу» нысаны бойынша мердігері «Dauren build» ЖШС-і жоба құны 196,655 млн. теңге өз тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастамай, өндірістік кестенің мерзімінен кешіктіруіне байланысты, 2023 жылдың 15 қарашасында, мемлекеттік сатып порталы арқылы екі жақты келсім шарт бұзылды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін жаңа келісім-шарт «Bek story 2010» ЖШС-мен рәсімделді. Алайда, ағымды жылға бюджеттен қаржысы бөлінбеуіне байланысты құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда ағымды жылы аяқтау жоспараланған. (ҚМЖ -40%)
Ауданда басқа да құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіле беретін болады.
Жалпы құрылыс жұмыстарының қарқыны аудан тұрғындарының экономикалық даму мен әлеуметтік жағдайдың артуына да өз септігін тигізері анық. Жасалған және жасалатын жұмыстардың барлығы халық сұранысын қамтамасыз етіп, елдің игілігі үшін қолға алынған жұмыстар. Сондықтан алдағы уақыттада құрылыс жұмыстары ауданда қарқын алып, аудан жұртшылығының қажеттіліктері өтеле бермек.

Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close