Basty bet

Партия филиалында фракция отырысы өтті

Кеше «АМАNАТ» партиясының аудандық филиалында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған фракция отырысы өтті. Оған партияның аудандық мәслихаттағы фракция мүшелерімен қатар партияның белсенді мүшелері де шақырылды.
Жиынды сөз сөйлеп ашқан партия аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков жиналғандарға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған жаңа Жолдауынан туындайтын бірқатар міндеттерді, сонымен қатар, бас құжатта көрсетілген алда атқарылуға тиісті белгіленген межелі міндеттердің негізгілерін атап өтті.
Жиын барысында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-ның аудандық филиалының төрағасы Сейітхан Жұмашев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев, облыстық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев және тағы басқа азаматтар сөз сөйлеп, пікір білдірумен бірге, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында межеленген міндеттер мен құжатта атап көрсетілген негізгі тоғыз бағытқа шолу жасап, Президенттің жаңа Жолдауын жұртшылық арасында кеңінен насихаттап, онымен қоса, алдағы уақытта атқарылуға тиісті жұмыстарды үйлестірудің және оны бірігіп атқарудың маңыздылығына баса назар аударды.
Фракция отырысын АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы М.Нарымбеков қорытты.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close