Basty bet

Электронды шаруашылық есеп кітабын жүргізу тәртібі түсіндірілді

Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс болды. Күн тәртібіндегі мәселе – электронды шаруашылық есеп кітабын жүргізу.
Жиналыста аудандық статистика басқармасының басшысы Е.Тыныбеков электронды шаруашылық есеп кітабы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, үй шаруашылықтарын есепке алудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Сондай-ақ, электронды шаруашылық есеп кітабында адам саны, мал басы, үй маңындағы жердің игерілуі жылына екі рет жаңартылып отыратындығы айтылып, мамандардың сұрақтарына жауап берді.

Аудандық статистика басқармасы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close