Basty bet

Спорттың 10 түрінен сынға түсті

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні кәсіби мерекесіне орай аудан орталығында мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі аудандық спартакиада ұйымдастырылды.
Б.Момышұлы ауылындағы Спорт кешенінде ұйымдастырылған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттап, мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға ынталандыру, сондай-ақ, командалық рухты, ерік-жігерді, табандылық пен жеңіске деген ұмтылысты қалыптастыру болып табылады.
Спартакиада бағдарламасына спорттың 10 түрі енгізілген. Атап айтқанда, қатысушылар – қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі, садақ ату және шағын футбол бойынша өзара сынға түсіп, бақ сынады.
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиаданың ашылуында аудан әкімінің орынбасарлары – Айдос Асабаев және Қайрат Жатқанбаев, сонымен бірге, аудан әкімінің кеңесшісі Әбдікерім Уркумбаев құттықтау сөз сөйлеп, олар өз сөзінде, мемлекеттік қызметтің ел өмірі мен қоғам дамуындағы маңызымен қатар, азаматтардың саламатты өмір салтын ұстанудың пайдасын ерекше атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиада ойындарының барысында мемлекеттік қызметшілер өздерінің күш-жігерін, ептілігі мен төзімділігін дәлелдеп қана қоймай, әріптестік өзара қарым-қатынасты да нығайтуға мүмкіндік алғаны даусыз.
Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесіне арналған дәстүрлі спартакиада ойындарын өңірдің жауапты қызметкерлерінің арасында бұқаралық спортты дамытуға және саламатты өмір салтын қалыптастыруға өзінің мол үлесін қосатын маңызды іс-шаралардың бірі деп айтуға болады.
Жеңімпаз атанған командалар арнайы Диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталып, жарыста жекелеген спорт түрлерінен үздік нәтиже көрсеткен қызметшілерден жасақталған команда Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілері арасында өтетін спартакиадада Жуалы ауданының намысын абыроймен қорғайтынына сенім мол!
«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close