Basty bet

Кітапханаға кітап сыйлайық!

Мектепте кітапханашы Күлзинат Жолдасованың ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қазан мен қараша айларында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы өтуде.
Акцияның мақсаты – кітапхана қорын толықтыру, оқушыларды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір баланың бойына сіңіруге, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, оқушылардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.
Кітап мәртебесін көтеру мен оқушыларға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылған акцияға мектептің ұстаздары мен оқушылары өз үлестерін қосуда. Акцияға қатысушылардың арасынан қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бибісар Дүржанова жазушы С.Шаймерденовтың «Битабар балуан» атты кітабын сыйласа, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Нұргүл Қадырбаева өз сыныбымен бірге Зия Самадидің таңдамалы шығармаларын кітап қорына сыйлады.
Шара барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Айжанова ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, оқушыларды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды.

Күлзинат ЖОЛДАСОВА,
№3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп кітапханашысы

Таңдаулы материалдар

Close