Basty bet

Спорт саңлақтары марапатқа ие болды

Тамыз айының үшінші жексенбісінде спорт күніне орай Бауыржан Момышұлы ауылының орталық саябағында салтанатты жиын өтті. Жиынға қазіргі таңда спорт саласында табысты қызмет етіп жүрген және спорт ардагерлері қатысты.
Спорт саласында елеулі еңбек атқарған және атқарып жүрген азаматтар облыс әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының, спорт бөлімінің және аудандық мәслихаттың Алхысхаттарымен марапатталды.
Салтанатты жиынды ашу үшін алғы сөз аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязовқа берілді. Аудан әкімінің орынбасары спортшылар мен спорт қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, сіңірген еңбектері үшін алғысын білдірді.
Сонымен бірге, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Марат Аманғалиұлы, аудандық мәслихат аппаратының құқықтық және бақылау бөлімшесінің басшысы Бақытжан Сыпатаев және дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

Нұрғалым МЫРЗАХМЕТҰЛЫ
«Жаңа өмір»
Суреттерді түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ

Таңдаулы материалдар

Close