Basty bet

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Тіл – тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа адамның түп-тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді.
Барлық тілдерді танып-білу мен құрметтеу – бейбітшілікті сақтаудың кілті. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар. Мамандардың пікірінше, тілдердің өмір сүруі үшін ол тілде кемінде 100 000 адам сөйлеуі керек.
Осы ретте аудандық балалар кітапханасында «Тілдер күніне» орай «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау. Ана тілдің мемлекеттік тіл ретінде рөлін күшейту және бәрімізге ортақ ана тіліміздің мәртебесін көтеру.
Шараға орталықтандырылған кітапхананың қызметкерлері, әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Эсмира Мамедова және №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның ұстаздары мен оқушылары қатысты. Іс-шараны аталған мектептің 6 сынып оқушылары екі тілде жүргізіп отырды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Әрі қарай оқушыларға кезек беріліп, олар өз өнерлерін көрермендерге тарту етті. Бірі үнді биін билесе, енді бірі өзге тілдерде тақпақтар айтып және шешен ұлтының биін биледі. Жиын соңында әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Эсмира Мамедоваға сөз берілді. Ол жиналғандарды – Ана тілі күні мерекесімен құттықтап, бір аспан астында тату-тәтті ғұмыр кешуге шақырып, ыстық лебізін жеткізді.
Іс-шараны орталық кітапхананың әдіскері Мәрзия Ермекбаева қорытындылады.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close