Basty bet

ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен «Қазақ соқырлар» қоғамының бірлесе ұйымдастыруымен «Абай әлемі» атты зағип жандар арасында облыстық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты -Абай шығармаларын жұртшылыққа таныту, насихаттау, зағип жандарды сөз өнеріне, ұлттық руханиятқа деген ықыласын арттыру.
Байқау екі номинация бойынша өтті. Абай өлеңдерін, мәнерлеп жатқа оқу және Абай әндерін нақышына келтіріп орындау.
Қорытындылай келе қатысушылардың өнерін тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды Диплом, Алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Айта кетейік, ауданнан облыстық байқауға үш үміткер қатысып, олардың екеуі жүлдемен оралды. I орынды Айдар Қаңтарбаев, II орынды Салауат Еламан иеленді. Бірінші орынды иеленген А.Қаңтарбаев Алматы қаласында қараша айында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды.

Лаура МҰСАБЕКОВА,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close