Basty bet

Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу міндетті

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 “Жылжымайтвн мүлікке құқықтарды тіркеу туралы” Заңның 3- бабына сәйкес, Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады.
Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу – мүлікке құқығыңызды растайтын міндетті рәсім. Сатып алу-сату шарты, айырбастау, мұрагерлік ету немесе жалға алу сіздің құқығыңызды растайды және тіркеуге негіз болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толыққанды иесі атану, өзіңізді алаяқтықтан қорғау және келешекте оған қатысты операцияларды кедергісіз орындау үшін қажет.
Жылжымайтын мүлікке белгілі бір орынмен тығыз байланысты нәрсенің бәрі жатады: Яғни, жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері үлкен маңызға ие. Жер нарығының дамуы, жер учаскелерімен көптеген мәмілелер жасасу жағдайында алаяқтық, алаяқтықтың алдын алу үшін жер құқығын иеленушілерге олар алғысы келетін жер учаскесі туралы ақпараттың болуы керек.
Жер учаскесін тіркеу- заңнамалық және нормативтік құқықтар, жер учаскелеріне құқықтарды беру және тіркеудің тәртібі, құжаттардың нысандары, жер учаскелерін алу, жер учаскелерінің шекараларын, аумақтарын, құрамын, бөлінуін, ауыртпалықтарын және пайдаланудағы өзгеде шектеулерді белгілеу, жер пайдалануға, иеленуге құқық беретін құжаттар жасау.
Яғни, ҚР азаматтарының әрқайсысының ЖСН және жекекуәлігі бар болатыны секілді, ел аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарының да өзіндік бірегей нөмірі (кадастрлық нөмірі) және кадастрлық төлқұжаты болуы және құқығын анықтайтын құжатты мемлекеттік тіркеуге тиіс.

Индира Нысанбаева,
“Азаматтарға арналған үкімет”
МК КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы
бойынша филиалының
Жуалы аудандық бөлімінің
бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close