Basty bet

Су тасқынына қалай дайындалу керек

Су тасқыны – су деңгейінің салыстырмалы қарқынды немесе қысқа мерзімді көтерілуі. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты күшті жауындармен, кейде қардың еруінен қалыптасады.

Су тасқынын болдырмау мақсатында, өз аумақтарыңыздағы дренаж каналдар мен арық жүйелерінде, өзен арналарында, автокөлік және теміржолдардағы су өткізгіштерді қоқыстан және қалдықтардан уақытылы тазалауды ұйымдастыру қажет.

Қауіпсіздік шаралары:

Ауа райы болжамы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.

Халықты жақындап келе жатқан су тасқыны туралы хабардар еткен жағдайда, сондай–ақ, оның пайда болуының алғашқы белгілері кезінде үй-жайдан мүмкіндігінше тезірек кетіп, айналасындағыларға қауіп туралы ескертіп, қауіпсіз жерге шығу керек, өзен арнасынан 300-500 м қашықтықта жүріңіз. Үйден шыққан кезде пештерді сөндіріп, газ шүмектерін жауып, шамдарды өшіріп, құрылғыларды өшіру керек.

Су тасқыны қаупі бар өзендер арналарының жанында тұратын және жұмыс істейтін халыққа құзыретті органдардың тиісті хабарламаларын мұқият тыңдау қажет. Қауіп төнген жағдайда, келіп түскен сигнал (хабарлама) бойынша қажетті құжаттарды, дәрі қобдишасын және бағалы заттарды өзімен бірге ала отырып, алдын ала белгіленген маршруттар бойынша дереу эвакуациялауды жүзеге асыру.

Әркім өзінің нақты іс-шараларын әзірлеуі керек, онда сіз көрсетуіңіз керек:

Су тасқынынан кейінгі әрекет:

Бөлмеге кірер алдында оның құлау немесе қандай да бір заттың құлау қаупінің бар-жоғын тексеріңіз. Бөлмені желдетіңіз (жинақталған газдарды кетіру үшін). Электр қуатын қоспаңыз, ашық от көздерін пайдаланбаңыз, бөлме толығымен желдетілгенше және газбен жабдықтау жүйесінің дұрыстығын тексергенше сіріңке жағпаңыз. Электр сымдарының, газбен жабдықтау құбырларының, су құбырларының және кәріздердің жарамдылығын тексеріңіз. Мамандардың көмегімен олардың жарамдылығына көз жеткізгенше оларды пайдаланбаңыз. Бөлмелерді кептіру үшін барлық есіктер мен терезелерді ашып, еден мен қабырғалардан кірді алып тастаңыз, жертөлелерден суды сорып алыңыз. Сумен байланыста болған тағамдарды тұтынбаңыз. Ұңғымаларды кірден тазартуды ұйымдастырыңыз және олардан суды алыңыз.

Барлық қауіпсіздік шараларын орындаған жағдайда Сіз қауіптің деңгейін айтарлықтай төмендететініңізді есіңізде сақтаңыз. 

ӨЗІҢІЗДІ САҚТАҢЫЗ!

Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ

Таңдаулы материалдар

Close