Basty bet

Судағы қауіпсіздік шаралары

Балық аулау демалыстың керемет түрі. Алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамасаңыз, ол өте қауіпті.
Шағын көлемді қайықтармен балық аулау және аң аулау алдында, қайыққа отырмас бұрын оның ескектерінің және олардың бекіткіштерінің, құтқару шеңбері мен суды сарқып алу үшін ожаудың болуын қадағалап қарап алу қажет. Сонымен қатар, қайықтағы адамдар жеке құтқару құралдарын (құтқару жилеттері, кеудешелері) киіп отыруы қажет.
Шағын көлемді қайықтармен балық аулау және аң аулау кезінде сақталуы тиіс қарапайым қауіпсіздік ережелері:
1. Өзімен бірге міндетті түрде медициналық қобдиша, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің орналасқан орыны туралы хабарлағыш құралдарының болуы тиіс.
2.Балық немесе аң аулау орнын мұқият тексеріп қарап алу.
3.Мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде балық немесе аң аулауға қатаң тыйым салынады.
4. Қайықтың жарамдылығын тексеру, оны құтқару жилеті, құтқару шеңбері мен белдіктермен жабдықтау.
5. Қайықта шелектің немесе ондағы суды сыртқа шығару үшін ыңғайлы басқа да ыдыстардың болуы.
6. Балық немесе аң аулауға керекті құрал-жабдықтарды қайық бортының бойына, ал қалған бұйымдарды (киім, қолсөмке, чемодан) қайықтың отырғышының астына, тұмсығына немесе артқы бөлігіне жинақы орналастырыңыз.
Қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз.
                                     Жуалы ауданы ТЖБ және №7 ӨСБ

Таңдаулы материалдар

Close