Жалпы, ауыл шаруашылығы
саласы еліміздің экономикасын
алға сүйрейтін маңызды сала. Яғни,
саланың атқарар жүгі де ауыр.
Ауыл шаруашылығы саласында
қызмет ететіндер негізінен ауыл
адамдары. Еңбекқор, төзімді, өз
жұмысын жақсы көретін жандар.
Олар – малшы, сауыншы, агроном,
механизатор, тағы да басқалар.
Олардың еңбегі қандай жоғары
құрметке де лайық. Таңның атысы,
кештің батысы жұмыстың соңында
жүретін шаруаларды дала академиктері
деуге де болады. Себебі, көп шаруалар
арнайы оқып, білім алмай-ақ, малдың
барлық қыр-сырын, мінезін, ауруын,
оларды емдеу тәсілдерін, жайылым
жағдайын бес саусағындай білетін
сұңғылалар. Олар табиғат-ананың
мінез-құлқына да қанық.
Осындай еңбекқор жанның бірі –
Диқан ауылының тұрғыны Бауыржан
Ж ұ м а н о в . « Б а у ы р ж а н » ш а р у а
қожалығының жетекшісі «Алтын алқалы»
аяулы ана Сейсекүл Жұманова.
Шаруа қожалықты 2003 жылы отағасы
Әбділ Жұманов құрған. Марқұм Әбділ
Жұманов нағыз еңбек адамы болған
жан. Негізгі мамандығы – агроном.
Алғашында «Ленин» колхозының Диқан
бөлімшесінде меңгеруші болып, кейін
колхоз басшысы болып қызмет етті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары колхоз-
совхоздар таратылып, жекешелендіру
басталғанда бұл отбасы да өзіне тиесілі
жерді бөліп алып, «Бауыржан» шаруа
қожалығын құрды.
Шаруа қожалықтың иелігінде бүгінде
80 гектар жер бар. Оның 25 гектары
жайылым жер болса, қалғанына мал
азығы үшін жоңышқа мен арпа егіледі.
Әбділ Жұманов «Атадан мал қалғанша,
тал қалсын» деген тәмсілмен екі гектар
жерге он мыңдай терек, 800 түп жеміс
ағаштарын еккен болатын. Алма бақта
бүгінде алманың бірнеше сорты мен
өріктер өсіп тұр. Онымен қоса «Әбділ»
су қоймасын ашып, оған сазан мен
карась балығының шабақтарын жіберді.
Тағдырдың жазмышымен 2011 жылы
әкелері өмірден озды. Отбасының бар
жауапкершілігі жас болса да үйдің
кенжесі Бауыржанға түсті. Әке жолын
қуған бала жұмысты жүйелеп, әрі қарай
алып кетті.
Әбділ қария мен жолдасы Сейсекүл
ана екі ұл, бес қыз тәрбиелеген. Бүгінде
барлығы үйлі-жайлы. Сейсекүл ана
ұрпақтарынан 30-ға жуық немере мен
шөбере сүйген. Сейсекүл ананың
шаңырағының құт-берекесі, ұйытқысы
мен ақылшысы болып отырған жайы
бар.
Б ү г і н г і т а ң д а Б а у ы р ж а н м а л
фермасында 30 бас сауынды сиыр мен
төрт жылқы асырап отыр.
-Алғаш бұл ферманы сатып алғанда
тек қабырғалары ғана болды. Сатып
алған соң шатырын жаптық.
Мал басын көбейту мақсатында 2017
жылы ауыл шаруашылығы өндірістік
кооперативінің есебінен жеті жылға бес
миллион теңге несие алдым.
Аллаға шүкір, жұмыс жүріп жатыр.
30 сауынды сиырымызды сауын
аппаратымен сауамыз. Көктемде
сүттен 900 мың теңгедей табыс тапсақ,
қазір 300-400 мыңдай табыс тауып
отырмыз. Әрине, жұмыс оңай емес,
малға жақын, төзімді адам ғана табысқа
жетеді. Көп адам мал шаруашылығының
қиындықтарына шыдай алмай тастап
кетіп жатады. Қазір несиемізден
құтылғанша жұмысшы алмай өзіміз істеп
жатырмыз. Алдағы уақытта көмекші
аламыз деген ойдамыз.
Алдағы жоспарымыз – ірі қара мал
басын 100-ге жеткізу. Тоқтап тұрған су
қоймасының жұмысын жандандыру
д а ж о с п а рд а ба р . Я ғ н и , ба л ы қ
шаруашылығымен айналыссақ деген
ойымыз бар,- дейді Бауыржан.
Бауыржан жолдасы Индира екеуі екі
ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Индираның
мамандығы – мұғалім. Бүгінгі таңда
декреттік демалыста отырған Индира
жолдасының көмекшісі. Отбасы болып
жұмыла еңбек еткен Бауыржан мен
Индираның еңбегі көпке үлгі.
Иә, өмірде әкесінің жолға қойып
берген шаруасын алып кете алмай,
талан-таражға түсіріп жатқан азаматтар
аз емес. Ал әке жолын қуып, талмай
еңбек етіп, әрі қарай дамытып, әр
нәрсенің қадіріне жете білетін жастар
да кездеседі. Осы тұрғыдан келгенде
Бауыржандай еңбекқор азаматтың
еңбегіне тек қана табыс пен абырой
тілейміз. Адам баласын тек адал еңбек
қана баянды бақытқа бөлейді. Еңбектен
тапқан нәсібесі балаларын бақытқа,
қуанышқа бөлесін деген тілекті де
арнаймыз.
Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ.
Суретті түсірген
Сәбит КҮЗЕМБАЕВ,
«Жаңа өмір»