Basty bet
Президент саяси сырлармен бөлісті Ж
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде Президентіміздің «Ана тілі» газетіне кең көлемдегі сұхбаты жарияланды. Мемлекет басшысы өткенге көз жүгіртіп, ел болашағы үшін жасалған тарихи қадамдарға жан-жақты тоқталды. Ел көкейінде жүрген өзекті мәселелерге, сұрақтарға салмақты жауап берді. Мемлекет басшысы уақыт белдеуі, Талғар оқиғасы және заңның күшейіп, жазаның қатаңдауына қатысты да пікір білдірді.
Жылашар сұхбаттағы талқыланған тақырып мұнымен шектелмейді. Президент Ақорда айналасында жүрген қауасеттерге жауап беріп, ресми мінбелерде айтыла бермейтін саяси сырлармен де бөлісті. Оның ішінде биліктің ауысуы және Тұңғыш Президенттің Мәскеуге сапары да қаузалған.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сұхбатында мемлекетіміздің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу – басты мақсат екенін атап өтті.
Күлбақыт Айтқұлова,
Жуалы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы