Basty bet
«Кассациялық сот туралы не білеміз»
Қазақстандық қазылардың жұмысы «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі» туралы Конституциялық заңның аясында реттеледі. Бұл Заң судьялардың қоғаны, жұмыс бағдары іспеттес.
Көпшіліктің уәжі мен ұсынысына қаныққан Президентіміз дербес кассациялық инстанция құру мәселесіне тоқталды. Сондықтан өз алдына бөлек кассациялық инстанция құру мәселесі пісіп жетілді.
Бұл жаңа реформаның негізгі мақсаты – әрбір сот сатысының тиімділігін арттыру. Себебі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасы мен азаматтардың соттарға деген сенім деңгейі сот сот сатыларының тиімді жұмыс істеуіне байланысты.
2025 жылдың 1 шілдесінде кассациялық соттардың тәжірибеге енгізілуімен кассациялық өтініштерді алдын ала қарау тәртібі жойылады. Осылайша алдағы жылдан бастап кассациялық сатыдағы істерді тараптарды шақыра отырып, ауызша сот процесінде істі талап ете келе, кемінде үш судья қатысатын алқа құрамы қарайтын болады.
Кассациялық сот заң тәжірибесінде маңызды рөл атқарады және құқықтық жүйенің дамуына ықпал етеді. Оның шешімдері қоғамдағы дауларды шешуде өте маңызды. Мұндай сот жалпы юрисдикциядағы соттар жүйесінде соңғы шешуші инстанция ретінде әрекет етеді. Бұл істі кассациялық сотта қарағаннан кейін шешімге шағымдануға мүмкіндік жоқ деген сөз.
Сондықтан кассациялық соттың шешімі түпкілікті және міндетті болып табылады.
Кассациялық сот шешімдерінің жалпы заң тәжірибиесінің дамуына орны ерекше. Бұның өзі дауларды тиімдірек шешуге және сот ісін жүргізудің талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.
Жуалы ауданы Сот әкімшісі басшысы
Самат Ералиев