Basty bet
Отаншылдық рухы – айрықша қасиет
Құрметті жуалылықтар!
Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып қалыптасқаны белгілі. Сондықтан, бұл күнді қайсар мінезді ата-бабалардың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні деп есептейміз.
Халқымызда: «Отан – оттан да ыстық» деген даналық сөз бар. Отанды қорғау, оның қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтау, адал қызмет ету – әрбір Қазақстан азаматының қастерлі борышы мен перзенттік парызы.
Тәуелсіз Қазақстан шекарасының берік, халқының бейбіт өмір сүруінде өз міндетін әуе кеңістігінде, құрлықта, теңіз бен шекарада адал атқарып жүрген айбыны асқақ әскерилерге, әскери борышын өтеп жүрген жас сарбаздарға алғыс білдіремін! Егемен еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы әрбір елдік іске сәттілік, отбасыларыңызға құт-береке, амандық тілеймін!
Зиядхан БҮРЛІБАЕВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы