Basty bet
МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҒЫ
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық елінде, оның ішінде Қазақстанда да өмір сүруін жалғастыруда, тек ауқымында ғана ерекшелік бар. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін айтарлықтай тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Сыбайлас жемқорлық термині латын тілінен шыққан «soggitrege» сөзі мағынасы бойынша «пара беру» терминінің мағынасы ретінде «мемлекет ағзасын, қоғамдық қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді. Бұл термин әдетте шенеуніктің өзінің билік өкілеттіктерін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын жеке пайда үшін, алдау, бопсалау, заңнама мен моральдық нормаларға қайшы келетін әуре-сарсаңдар арқылы қолдануын білдіреді. Көбінесе бұл термин бюрократиялық аппарат пен саяси элитаға қатысты қолданылады. Тиісті термин әдетте, латын сөзінің бастапқы мағынасынан, сондай-ақ этикалық емес мінез-құлықтан туындайтын кең семантикаға ие.
Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айта келе, қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңуге болмайтынын бірнеше рет атап өтті. Сондықтан біз, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы «қоғам зиянкесі» сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен аулақ жүріп, қауіпті кеселге жол бермеу қажет.
«Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» КММ бойынша (8-726-35) 2-18-06 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істейді. Азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшік азаматтарға қолжетімді орынға қойылған. 2025 жылдың төрт айында сенім телефонына және азаматтардың арыз-шағымдарына арналған жәшікке сыбайлас жемқорлық сипатындағы хабарламалар түскен жоқ.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы мен сала заңдары бойынша мекеме қызметкерлеріне құқықтық түсіндіру мақсатында үш рет жиналыс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық қорғау органдары тарапынан ұсыныстар енгізілген жоқ. Мемлекеттік қызметкерлерге немесе теңеңестірілген қызметкерлерге қатысты қозғалған сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер жоқ. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған мемлекеттік қызметкерлер жоқ.
Б.Момышұлы ауылына қарасты білім беру мекемелерінде учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында жастарға түсіндірме ретінде екі рет дөңгелек үстел өткізілді. Онымен қоса, аудандық басылымда «Басты міндет – сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбында мақала жарияланды.
Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесінің бойындағы сыртқы көрнекілік құралына «Вымогают взятку, имеете информацию о фактах корупции сообщяйте 1424! Не молчите!» тақырыбында көрнекілік ілінген.
Рәтбек КӨСЕМБАЕВ,
Б.Момышұлы ауылының әкімі