Basty bet

«Ұлт-ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» атты әдеби променад

Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері капитан Талант Дилдановтың ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Ұлт-ұлысқа ортақ үй – Қазақстан» тақырыбында әдеби променад өтті.
Іс-шараға Жамбыл облыстық «Манас-Ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Абзалбек Меңдібаев, Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, облыстық «Полонез» поляк этномәдени бірлестігінің мүшесі Аракси Плетнева, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы Замана Исмаилова, Дарынды балаларға арналған мамандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының түрік тілі пәнінің мұғалімі Онел Кудрет, №2 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Вера Осенняя, №3 мектеп лицейінің тарих пәні мұғалімі Айгерім Баймуханова, 9 сынып оқушысы Элдана Тойлибаева, Тараз қалалық Жастар орталығының қызметкері, тарихшы Әшірхан Құттыбек, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл ауданы бойынша Шекара қызметінің сарбаздары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Қазақ халқына өзге ұлт өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, №2 орта мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

Камила Абсеметова,
кітапханашы

Таңдаулы материалдар

Close