Basty bet

“Бақытты балалық шақ”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялады. Яғни, биыл ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінуде.
Ел Президенті “Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды “Балалар жылы” деп жариялау керек деп есептеймін. Бұл жылды тек ұрандатып немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жасалуы керек деп атап өтті.
Осы ретте, “Балалар жылына” орай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде балаларды кітап оқуға шақыру, олардың танымын кеңейту, уақытын тиімді өткізу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жақында Күреңбел ауылдық кітапханасында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік кеш өтті. Кештің мақсаты – балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға түсіндіру, ой-өрістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу, тілдерін жаттықтыру, балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Шараға №10 Күреңбел орта мектебінің 1 және 3 сынып оқушылары және «Күреңбел» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері қатысып, өнерлерін көрсетті. Мәселен, шарада алғаш болып Жұмәділ Біржан «Ассалаумағалейкум” әнін әуелете шырқады. Ал, Сезім Жолдасбек пен Айым Диас “Ұстазым” әнін орындаса, Сезім Еркебай, Сезім Жолдасбек, Айлин Жолдасбек, Айым Диас балаларға арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.
Сонымен қатар, Балым Еркебай, Айлин Есжан, Медина Құндыбай “До, ре, ми” биін билесе, Назым Жолдасбек, Сезім Жолдасбек, Айым Диас “Мини уорлд” биін ұсынды. Ал, Кәусар Бекболатқызы мен Сезім Еркебай “Бипыл” биін, «Арамзамзам» биін “Күреңбел” бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндері нақышына келтіріп биледі.
Кешті аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Біләнқызы қорытындылап, балаларға ризашылығын білдіріп, ақ тілегін айтып, сыйлықтарын тапсырды.

Аудандық орталық кітапхана

Таңдаулы материалдар

Close