Basty bet

2025 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы

Өткен аптаның басында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері, жергілікті қоғамдастықтың төрағалары және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы А.Сейдуалиева «ZOOM» арқылы және аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының у.м.а Ш.Оспанов, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Д.Мейрахат, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Серкебаев, “Ақсай-Су” мекемесінің басшысы Д.Нұрабаев және аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Жарасұлы қатысты.
Күн тәртібінде «2025 жылға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің жобасын талқылау туралы.
Жиында бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының у.м.а Ш.Оспанов баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің «2024 жыл және 2025 жылдың 7 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелер бойынша» оң қорытынды беру туралы.
Хабарламашы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Жарасұлы.
Үшінші 2025 жылғы ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар туралы. Баяндамашы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Серкебаев
Ал төртінші «Ақсай-Су» шаруашылығы мекемесінің вегетациялық кезеңде ағын суды пайдалану туралы. Хабарламашы “Ақсай-Су” мекемесінің басшысы Д.Нұрабаев
Бесінші әртүрлі мәселелер.
Жоғарыдағыларды ескере келе, төмендегідей шешімдер қабылданды:
1. Аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің «2024 жыл және 2025 жылдың 7 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын арттыру, оны жетілдіру және осы бағытта туындайтын басқа да мәселелер бойынша» оң қорытынды берілсін.
2. «2025 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімдігінің жобасына оң қорытынды берілсін.
3. Аудан әкімдігінің ауыл шараушылығы бөлімінің басшысы Е.Серкебаев кеңес отырысына белгілі себеппен қатыса алмағандығы себепті, кейінге қалдырылсын.
4.”Ақсай-Су” шаруашылығы мекемесінің вегетациялық кезеңде ағын суды пайдалануы туралы атқарылған жұмыстары жылдық есеп беруіне оң қорытынды берілсін.

Рақымғазы Құниязов,
аудандық қоғамдық
кеңестің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close