Basty bet
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәлімет
1. Егін орағы бойынша: 2022 жылдың өнімі ұшін масақты дәнді дақылдар 38 879 га, оның ішінде, күздік бидай – 9730 га, жаздық арпа – 29 149 га. Бүгінгі күнге науқандық егін орағы толығымен аяқталды, орылғаны – 38 879 га, орташа өнімділігі 18,9 ц/га, жалпы түсімі 73 481 тн. Оның ішінде бидай – 9 730 га, орташа өнімділігі 19,6 ц/га, түсімі 19 092 тн, жаздық арпа 29 149 га, орташа өнімділігі 18,3 ц/га, түсімі 54 363 тн.
2. Мал азығын дайындау барысы бойынша: аудан бойынша мал азығы дақылдары 35 530 гектарда орналасқан. Оның ішінде өткен жылдардағы көпжылдық шөп 31 973 га, сүрлемдік жүгері 537 га, және 3020 га табиғи шөптер.
2022 жылы мал азығын дайындау жоспары пішен 155 300 тонна, пішендеме 12 500 тонна, сабан 41 900 тонна және сүрлем 12 000 тонна.
Бүгінгі күнге дайындалған пішен – 155 335 тонна (100 пайыз), сабан 41 925 тонна (100,1 пайыз) және пішендеме – 12 520 тонна (102,0 пайыз).
3. Күзгі дала жұмыстары бойынша себілгені майлы дақылдар – 22 140 га, оның ішінде соя -80 га, күнбағыс 875,4 га және мақсары -21 185 га орналастырылған. Бүгінгі күнге мақсары дақылын ору басталып кетті, орылғаны 455 га, орташа өнімділігі 7,7 ц/га айналып жұмыс жалғасуда.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі