Qoǵam
Адам ағзасына зияны
Темекі шегу көптеген аурулардың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Статистика бойынша жыл сайын 6 миллионға жуық адам темекі шегуден көз жұмады. Темекінің адам ағзасына зияны өте жоғары. Қазіргі заманғы қоғамда темекі шегу еркектердің, әйелдердің, сонымен қатар балалардың да күнделікті әдетіне айналып кетті. Шылым тартатын адамдардың жалпы саны миллиардқа жуық. Никотин тәуелділігі адам ағзасына қауіпті. 20 темекіде (шегушілердің орташа тәуліктік мөлшері) 130 мг никотин бар.
Темекі түтінінің құрамы: цианид, мышьяк, гидроксид қышқылы, көміртегі тотығы, полоний, қорғасын, висмут және басқалар.
Темекінің ағзаға зияны. Өкпе ісігімен (рак легких) ауыратын адамдардың 90% шылым шегушілер. Дәрігерлер бронхит пен эмфизема ауруының 75% темекінің шегуімен байланысты деп айтуда. Сонымен қатар, жүрек ауруы бар адамдар темекі тартудың нәтижесінде өмірлері едәуір қысқарады. Никотин есту аппаратына кері әсерін тигізеді. Улы заттар құлақтың ішкі құрылымдарының дұрыс жұмысын бұзады. Нәтижесінде бұл ұйқының бұзылуына, иіс және дәм сезудің төмендеуіне әкеледі.
Никотин терінің нашарлауына, тістің қараюына және жағымсыз иістің пайда болуына ықпал етеді. Темекі шегетін адам тез қартаяды.
Жүкті әйелдің жаман әдетке әуес болуы ұрықтың ағзасына зиянын келтіреді. Ішіндегі бала көбінесе мерзімінен бұрын туады. Туғасын олар жиі ауырып, дамуы жағынан құрдастарынан қалып қояды.
Шылымнан келетін зиянды пайызбен, грамммен және басқа өлшеу бірліктерімен өлшеу қиын. Оның адам ағзасына қауіптілігі өте үлкен. Бұл жерде никотиннің рөлі аз емес. Сарапшылар никотинді есірткіге теңейді, өйткені ол тәуелділік тудырады, сондықтан оны тастап кету өте қиын. Никотиннен ең үлкен зардапты бауыр шегеді.
Шылым шегуден болатын аурулар: қатерлі ісік түрлері, миокард инфарктісі, инсульт, өкпе тромбоэмболиясы, атеросклероз, соқырлық, саңыраулық, эндартериит, белсіздік, бедеулік, өкпенің эмфиземасы, пневмония, созылмалы бронхит, тіс эмалінің бұзылуы, асқазан-ішек аурулары, дамудың артта қалуы, ерте өлім.
Шылымның адам ағзасына беретін зияны ізсіз қалмайды. Тіпті одан бас тартқан кезде де, оның әсері көптеген жылдар бойы сақталады. Темекі шегу бұл адамның өзіне-өзі ор қазғанымен бірдей.
Элмира ҚАЙЫПБАЕВА,
аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау
бөлімінің бас маманы