Basty bet

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру және олардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру тәртібі

Жуалы ауданы Мансаптық орталығы филиалы Жуалы ауданында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы №272 бұйрығына сәйкес Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант 2025 жылдың 21 мамырынан бастап 2025 жылдың 30 мамырына дейін өтінімдер “Enbek.bussines.kz” порталы арқылы осал топ қатарындағы азаматтарға конкурстық негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне дейін беріледі, оларға мыналар жатады:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға, оның ішінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанында оқитын балаларға, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар;
4) қоныс аударушылар;
5) қандастар;
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
7) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар және (немесе) оның жұбайы (зайыбы).
Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Бұл ретте тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

Жуалы ауданының
Мансап орталығы

Таңдаулы материалдар

Close