Basty bet
ӨРТ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Үстіміздігі жылдың 22 мамыр күні алдағы келе жатқан өрт қауіпсіздігі кезеңіне байланысты аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылында, дәлірек айтқанда, Ақсай ауылдық округінде орманды алқаптар мен дала аумағындағы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу жаттығу өткізілді.
Аталған практикалық оқу-жаттығуға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, Бауыржан Момышұлы ауылы мен Ақсай ауылдық округінде құрылған ерікті өрт сөндірушілер топтары, аудан орталығындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы, аудандық Жуалы газ мекемесі, аудандық электр желілерін тарату бөлімі, жедел жәрдем және аудандық байланыс торабы қатысты.
Шартты өрт бойынша жергілікті тұрғындарды өртті дұрыс пайдаланбау есебінен дала өрті пайда болып жатады. Осыған байланысты өртке қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті. Бұл жерде оқу-жаттығу кезінде шартты орман дала өрттерін сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың өзара іс-әрекеттері пысықталды. Оқу жаттығуға аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінен АЦ-5-40 КаМАЗ-43253 өрт сөндіру автокөлігімен құрамында 5 қызметкер, аудандық орталық ауруханадан бір жедел жәрдем көлігі екі адам, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен 28 адам, Б.Момышұлы ауылының ерікті өрт сөндіру жасағынан 18 адам, Ақсай ауылдық округінің ерікті өрт сөндіру жасағынан 20 адам, аудан әкімдігі тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері 1 ПАЗ автобус және 1 ГАЗель автокөлігі, МТЗ-82 трактор соқасымен, аудандық Жуалы газ мекемесі 1 бригадасымен және аудандық электр желілерін тарату бөлімінің 1 бригадасы қамтылды.
Өрт тактикалық оқу жаттығуына аудан әкімі аппаратының басшысы Жасөркен Жақсылық бақылаушы ретінде қатысып, оқу-жаттығуға қатысушы азаматтардың назарын ең алдымен дала өрттерінің алдын алуға, мүмкіндігінше болдырмауға, өртті сөндіру кезінде адам өміріне қауіп төндірмеуге шақырды. Одан бөлек техника қауіпсіздігін сақтауды да ескертті.
Оқу-жаттығу кезінде және жазғы мезгілдерде дала өрті орын алған жағдайда, дала өртін сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі К.Абдраймов оқу-жаттығу қатысушыларына және ерікті топтардың барлығына техника қауіпсіздін сақтау бойынша нұсқаулық жүргізді.
Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»