Basty bet
Маңдайыма жазылған мәңгілігім…
«Жамбыл облысында 2025 жыл–«Кітап оқу жылы»жобасы Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны»ұйымдастырылуда.
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, жазушы, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай «Маңдайыма жазылған мәңгілігім» атты поэзия кеші өтті. Кеш барысында №9 Абай атындағы орта мектептің 8-10 сынып оқушылары Олжас Шымырбек «Қара машина», Шұғыла Махай «Жапырақ жайлы бір өлең», Инабат Серік «Көктем мен күз» өлеңдерін оқып, Нұрай Елемес, Ұлданай Андасбек, Мерей Дәулетжан ақынның естеліктерімен бөлісті. Аружан Қойшыбай, Мунира Бақыт лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Ерлік Миябек, Санжар Білалұлы, Азиз Сатымхан, Асылхан Баймен ақынның Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбеков пен тергеуші арасындағы диалогты көрініс ретінде көрерменге паш етті. Жадыра Рахымберді «Атамекен» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Ұлжан Көкеева «Жырдан көрінген жүрек» атты кітап көрмесіне шолу жасап, әдістемелік құралмен таныстырды. Әдіскер Арайлым Асанбек «Ақын деген өлмейді жыры аманда» атты кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиева оқырмандарға алғыс білдіріп, марапаттады.
Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері