Basty bet

Тағайындау

Жуалы ауданы әкімінің №173 өкімімен Нуржан Жанабаев Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

ЖАНАБАЕВ НУРЖАН ЖАНДАРБЕКОВИЧ

1980 жылы Түркістан облысының Төлеби ауданында туған.
Білімі – жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Мемлекеттік муниципиалдық басқару» мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу бөлімінің маманы болып бастап, әр жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімінде 1-категориялы маман, ҚР тоғызқұмалақ федерациясында директор, Балқаш гуманитарлық-техникалық институтында оқытушы, ректордың көмекшісі және тәрбие секторының маманы, «Южный Центр» ЖШС-ында менеджер, Алматы көпсалалы техникалық-экономикалық колледжінде 1-дәрежелі маман, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының Жастар орталығында консультант, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында мұражай меңгерушісі, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және Тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Төрткүл» керуен сарайында әкімші, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тарихтану бөлімінің ұйымдастырушысы қызметтерін атқарған.
2025 жылдың 22 мамырынан Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Таңдаулы материалдар

Close