Basty bet

«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды

«Әділет» Партиясының Төрағасы Айбек Дәдебай Іскерлік кеңес құрылғанын көлік-логистика саласының өкілдерімен өткен кездесуде мәлімдеді. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, ірі компаниялар мен салалық бірлестіктердің басшылары қатысты.

Кездесуде Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық өсімінің негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындаған көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралды.

Айбек Дәдебайдың айтуынша, қуатты бизнес пен мемлекет, кәсіпкерлер және сарапшылар қоғамдастығы ұдайы өзара ықпалдасып отырмайынша, экономика тұрақты дамымайды. Сондықтан «Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі диалог құруға және ортақ шешімдер әзірлеуге арналған тұрақты алаңға айналады

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close