Basty bet

Аймақ жастары тарихи-мәдени нысанның тазалығына үлес қосты

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және ел аумағының тазалығын сақтауға бағытталған ауқымды республикалық экологиялық бастама екені белгілі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2024 жылдан бастап елдің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан осынау игі бастама азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға, табиғатты аялау мәдениетін дамытуға, сондай-ақ, туған жерге деген құрмет пен отансүйгіштік құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
Апта ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КМҚК бірлесіп «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында «Тарихи өлкенің тазалығы» атты тазалық шарасын ұйымдастырды.
Экологиялық іс-шараның барысында Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласындағы «Қазақ хандығының – 550 жылдығы» монументінің аумағында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға мекеме қызметкерлері және 100-ден астам жас белсене қатысып, тарихи-мәдени нысанның тазалығына өз үлестерін қосты.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close