Basty bet

Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы

Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2025 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін мүгедектігі бар азаматтар мен қарттарға көрсетіліп отырған қолдау бойынша төмендегідей қызметтер атқарылды:
Протез-ортопедиялық құралдарға 62 азаматтың 86 құралға өтініштері қабылданып, әлеуметтік портал арқылы тапсырыс беріліп, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының 70 пайызы орындалды, яғни 70 қажетті құралдармен қамтылды.
Сурдо-техникалық құралдарды қажет ететін 10 азаматтың 23 құралға өтініші тіркеліп, бүгінгі күнге 23 құрал жеткізілді.
Тифло-техникалық құралдарға 7 азаматтың 22 құралға өтініштері тіркеліп, 100 пайыз орындалды.
147 азаматтан 302 міндетті гигиеналық және компенсаторлық құралдарды қажет ететін өтініштері тіркеліп, әлеуметтік портал арқылы тапсырыс берілді. 302-і бүгінгі күнге толығымен орындалды.
Жүріп-тұруы қиын 1-топтағы мүгедектігі бар 4 азаматқа жеке көмекшінің және есту кемістігі бар 16 мүгедектігі бар азматтарға 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетуде.
Санаторлық-курорттық емделуге 324 өтініш тіркеліп, портал арқылы 268 азаматқа тапсырыс берілді, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының 119-ы орындалды, қалған азаматтардың өздеріне қажетті уақытты таңдап, барып емделулері күтілуде.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін 30 азаматтың өтініші қабылданып,оның ішінде «Д» есептегі 13 азамат облыстық бейімдеу орталығына, тиісті мекемелерге жолданды.
Жартылай стационардағы бейімдеу орталығында қызмет көрсетуге 35 баланың өтініші тіркеліп, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен қызмет көрсетуге құжаттары рәсімделді.
Кресло-арбаларды қажет ететін мұқтаж азаматтардан 15 азаматтың 22 кресло-қорапқа өтініштері тіркеліп, 22 құрал берілді.
Үйде күтім көрсетуді қажет ететін азаматтарға, яғни 107 жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға 15 әлеуметтік қызметкерлер және 33 мүгедектігі бар балаларға 7 әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетуде.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 51 балаға өтініші қабылданды, тиісті тағайындалған қаржы төленді.
2025 жылы мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және олардың белсенділіктерін арттыру мақсатында «Шапағат» корпоративтік қоры арқылы Жуалы ауданында мүгедектігі бар азаматтарға инватакси қызметі жұмыс атқаруда. Осы қызметтің сапасы мен желісін кеңейту аясында атқарылған жұмыстың нәтижесінде бүгінгі күнге ауданда 87 мүгедектігі бар азаматтар 2 инватакси қызметімен қамтамасыз етілді.
«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша жыл басынан 6 азаматтың өтініші тіркеліп, қызмет көрсетілді. 2 азаматқа рұқсат беру анықтамалары берілді.
Аталған қызмет түрлері өз жалғасын табуда, игілікті істер алдағы уақытта да білікті мамандармен өз деңгейінде жүргізіледі.

Елмира Даниярова,
бас маман

Таңдаулы материалдар

Close