Basty bet

Жамбыл облысында ХҚКО-ларда орнатылған постаматтар арқылы дайын құжаттарын алушылар саны артты

2025 жылдың басынан бастап Жамбыл облысындағы ХҚКО-ларда орнатылған постаматтар арқылы 150-ден астам азамат құжаттарын алды. Салыстырмалы түрде алғанда, 2024 жылы бұл қызметті небәрі 90 адам пайдаланған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалының мәліметінше, бұл сервис барған сайын танымал болуда, себебі жұмыс істейтін азаматтар ХҚКО-ға жұмыс уақытында келе алмай жатады. Постаматтар қажетті құжаттарды тәулік бойы алуға мүмкіндік береді.
Тараз қаласындағы №1 ХҚКО басшысы Шалқар Елеместің айтуынша, сервис іске қосылған кезде ол 11 қызмет түрі бойынша қолжетімді болса, қазір бұл көрсеткіш 15-ке жетті. Олардың ішінде баланың тууын тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқаларын, қайталама куәліктерді, сондай-ақ АХАТ бағыты бойынша мұрағаттық анықтамаларды беру және басқалар да қызмет түрлері бар.
Еске сала кетейік, көрсетілген қызметтер бойынша өтініш берген кезде қызмет алушыға дайын құжатты постамат арқылы алу ұсынылады. SMS хабарлама алғаннан кейін биометриялық сәйкестендіру және хабарламадағы 5 таңбалы кодты енгізу арқылы құжатқа қолжеткізе аласыз.
Айта кетейік, постаматта құжаттар үш күн сақталады. Осы уақыт өткеннен кейін ол дайын құжаттарды беру секторына ауыстырылады.
Постаматтар орнатылған ХҚКО мекенжайлары:
1. Тараз қ., Төле би даңғылы, 89Г.
2. Қордай ауданы, Батыс тұрғын алаңы, 25.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Жамбыл облысы бойынша филиалының
PR-менеджері

Таңдаулы материалдар

Close