Basty bet

Жамбыл облысының шекаралық аймақтарында тұратын жергілікті тұрғындарға үндеу! Жамбыл облысының шекара маңындағы аудан тұрғындарының назарына!

Отан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысыңыз! Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектесу үшін ерікті жасақшылар қатарына қабылдау жүргізіп жатқанын хабарлайды.
Сіздің қырағылыңыз бен бей-жай қарамауыңыз шекара маңы аумағындағы тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқармақ. Елдің шекарасын күзетуші команданың мүшесі болыңыз!
Біз ұсынамыз:
• Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне жеке үлес қосу мүмкіндігі.
• Маңызды және игі іске қатысу.
• Белсенді көмегіңіз үшін Қазақстан Республикасының Шекара қызметінен ақшалай сыйақы.
Егер Сіз ерікті жасақшы болуға және Мемлекеттік шекараны қорғауға өз үлесіңізді қосуға дайын болсаңыз, Жамбыл облысындағы Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің жақын маңындағы бөлімшесіне хабарласыңыз!
Бірге шекарамызды қорғаймыз!
Толық ақпарат алу үшін: ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің құрылымдылық бөлімшелерінің тікелей басшыларына, сонымен қатар, Шекараны күзету басқармасының «8 (7262)-940-589, 940-552, 940-646» байланыс және +7 (775) 455-5819 ұялы телефондарына хабарласуға болады!

Таңдаулы материалдар

Close