Basty bet

Жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі («Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылдың 30 желтоқсандағы №178 ҚР Заңы)

1. Соттан тыс банкроттық
Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады.
Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы және е-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы беріледі .
Қарыздар:
1. Екінші деңгейдегі банктер;
2. Микроқаржы ұйымдары;
3. Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.
Шарттары:
1. Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді.
Ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қол жетімді.
2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ.
Ақпарат E.gov.kz сайтында қол жетімді.
3. Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді).
Ерекше шарттары:
1. 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін – борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде 1-шарт ескерілмейді
2. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе – жоғарыда аталған барлық Шарттар ескерілмейді.
2. Сот банкроттығы Сотпен қарастырылады.
Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
Шарттары:
Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша.
Нені білу керек:
1. Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда – саттықта сатылады.
2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы.
3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді.
4. Қаржы басқарушысы тағайындалады.
5. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ)
Банкроттықты жүргізу мерзімі – 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай.
Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:
1. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады.
2. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салу.
3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру
Сотпен қарастырылады.
Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
Шарт:
Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды.
Сауықтыру шаралары:
1. Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру.
2. Жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т.б.
Артықшылықтары:
1.«Банкрот» мәртебесі берілмейді.
2.Теріс салдарсыз (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ).
3.Қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін).
4.Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі.
5.Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.

Қарлығаш Мүсірепбек,
Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

Таңдаулы материалдар

Close